Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Толерантный аспект формирования основ поликультурного мировоззрения молодежи» 19.02.2025 | 19 ақпанда Абонементтер бөлімінің қызметкерлері «Кітап-Amanat» мәдени-ағарту орталығымен бірлесе отырып Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің студенттері үшін Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, педагог Александра Сусловамен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Толерантный аспект формирования основ поликультурного мировоззрения молодежи» тақырыбында кездесу өткізді. Колледж студенттері қонақтың шығармашылығымен үлкен ықыласпен және қызығушылықпен танысты. Әңгімелесу барысында Александра Ильинична Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық дипломатия мен саналы отаншылдық сезімінің көрінісі екенін жеткізді. Өзінің шығармашылық жұмысы мәдениетаралық қарым-қатынас тақырыбымен тығыз байланысты екенін атап өтіп, халықтар арасындағы көп мәдениеттілік пен өзара түсіністікке арналған шығармаларға тоқталды, қазір немен айналысып жүргені, болашаққа жоспарлаған шығармашылық және ғылыми жұмыстары туралы айтып берді, сондай-ақ студенттердің назарына өз өлеңдерін ұсынды. Кездесу соңында Александра Суслова жастарға халықтар достығы мен мәдени әртүрлілік туралы көбірек оқуды ұсынды. Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған кітап көрмесімен сүйемелденді.
@eduvkpk.edu.kz | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|