| Ауыл шаруашылық гидротехникалық мелиорациялар 40.6я73 А 91 Ауыл шаруашылық гидротехникалық мелиорациялар [Мәтін] : оқулық / авторлар ұжымы: Г. М. Зарубаев [т. б.]. – Алматы : KEMEL KITAP, 2024. – 331 б. : сурет.
Оқулықта мелиорацияның түрлері бойынша: ауыл шаруашылығы дақылдарының суғару режимі; жер бетімен, жаңбырлатып, топырақ ішімен және тамшылатып суғару техникасы; суғару жүйелерінің конструкциялары, суғарудың арнайы түрлері, құрғату мелиорациясы; сортаң жерлерді мелиорациялау, гидроқұрылымдардың жіктелуі, суғару жүйелерін пайдалану мекемелерінің қызметі жайлы негізгі мәліметтер; сонымен қатар мелиорацияның арнайы түрлері туралы оқу материалдары жүйеленген және сипатталған. Сонымен қатар оқулықта студенттердің білімін бақылауға және бағалауға арналған бақылау сұрақтары мен жауаптары берілген. Мелиорация саласында жиі қолданылатын термин сөздердің қазақ тіліндегі баламалары келтірілген. «Су шаруашылығы» даярлау тобының бағыты бойынша білім алатын жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. «Су ресурстары және су пайдалану», «Өсімдік шаруашылығы» даярлау тобы бойынша білім алып жатқан студенттер де өздеріне қажетті мағлұматтарды таба алады. | | |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Нашли ошибку? Выделите ее и нажмите "CTRL+Enter"
|