Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Қонаев, Д. Ақиқаттан аттауға болмайды 63.3(5Қаз)6 Қ 64 Қонаев, Д. Ақиқаттан аттауға болмайды [Мәтін] : естелік-эссе / Д. Қонаев ; [орысшадан ауд. С. Әбдірайымұлы]. – Алматы : MELOMAN Publishing, 2024. – 535 б. : сурет.
Халқымыздың аяулы перзенті, аса ірі мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1992 жылы шыққан «Өтті дәурен осылай» деп аталатын естелік-эссесін көзі тірісінде түгелдей қайта қарап, оқырманның талап-тілегіне сай толықтырулар жасай келіп, кітаптың атын «Ақиқаттан аттауға болмайды» деп өзгертіп еді. Мұнда өз өмірінің беймәлім беттерін ғана емес, өз заманының ірі тұлғалары Сталиннің, Маленковтың, Булганиннің, Хрущевтің, Косыгиннің, Брежневтің, Андроповтың, тіпті Горбачевтің көпшілік біле бермейтін жұмбақ сырларын ашып, Қазақстанның елу жылдық экономикалық, мәдени және әлеуметтік тыныс-тіршілігін жан-жақты әңгімелеп береді. Елдің игі жақсылары да шет қалмайды. Кезінде жылы жауып қойылған Теміртау оқиғасы, Семей полигоны, Арал мәселесі, Желтоқсан оқиғасының зардабы, сондай-ақ тілге, дінге, ділге қатысты көкейтесті сұрақтардың жауабын алға тартады. Ұлттық сана, әдет-ғұрып, салт-дәстүр туралы ой-толғамдарын ортаға салады. Кешегі кеңес өкіметінің күйреу себептерін талдап, қазіргі экономикалық дағдарыстан шығу жолдарына барлау жасайды. | | |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|