Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Кітапхана қызметкерлері арасында өткізілетін Н.Қ.Дәулетова ат. «Жыл кітапханашысы» облыстық кәсіби шеберлік байқауының ережесі
10.02.2016

«Л.Н.Толстой атындағы облыстық

әмбебап ғылыми кітапхана» КММ

директоры

____________ Д.Т. Дүйсебаева

 «__»  ____________ 2015 ж.

 

«БЕКІТЕМІН»

 

Кітапхана қызметкерлері арасында өткізілетін Н.Қ.Дәулетова ат. «Жыл кітапханашысы» облыстық кәсіби шеберлік байқауының ережесі

 

1. Жалпы ереже

1.1.Н.Қ.Дәулетова ат. «Жыл кітапханашысы» байқауының (ары қарай – байқау) құрылтайшысы – Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы. 

1.2. Байқауды ұйымдастырушы – «Л.Н.Толстой ат. Қостанай ОӘҒК» КММ.

1.3. Байқауды өткізу орны – Л.Н.Толстой ат. Қостанай ОӘҒК.

 

2. Байқаудың мақсаты:

-       кітапханашылардың шығармашылық әлеуетін және кәсіби шеберлігін дамыту, кітапхананың беделін көтеру, жұртшылықтың оның жұмысын тануын арттыру;

-       шығармашылықпен жұмыс істейтін кітапханашыларды табу және көтермелеу;

-       кітапханашылардың инновациялық жұмыстарына, сәтті шыққан кітапханалық жұмыстардың таралуына қолдау көрсету және ынталандыру.

3.     Байқауға қатысушылар

 

-       Байқауға Қостанай облысының мемлекеттік кітапханаларының кітапханашылары қатысады.

-       Қатысушының кітапхана ісіндегі еңбек өтілі 5 жылдан кем және 10 жылдан артық болмауы қажет.

4.        Байқауды өткізу мерзімі және шарттары

 

-       Байқау ІІ кезеңнен тұрады.

-       І кезең (іріктеу) ауданның (қаланың) орталықтандырылған кітапхана жүйесінде өтеді.

-       1 турға қатысушы «Л.Н.Толстой ат. Қостанай ОӘҒК» КММ көпшілік шараның электронды көрсетілімін ұсынады.

-       «Н.Дәулетованың ісі жалғасын таппақ» – Қазақстан кітапханаларының болашақтағы дамуы туралы эссе жанрындағы авторлық ұстаным (машинакада терілген 3 бетке дейінгі материал). Материалдар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

-       Іріктеу турдың нәтижесі бойынша 1 турға қатысатын 5 жеңімпаз анықталады.

-       Байқаудың сырттай (іріктеу) турының нәтижелері байқауға қатысушыларға «Л.Н.Толстой ат. Қостанай ОӘҒК» КММ ақпараттық хатымен 2016 жылдың 12 ақпанына дейін хабарланады. 

-       Байқаудың ІІ кезеңі 2016 жылдың 16 наурызында «Л.Н.Толстой ат. Қостанай ОӘҒК» КММ өтеді.  

 

5.     Байқаудың 1 турының жұмыстарын ресімдеуге қойылатын талаптар:

-             Қатысушы заманауи технологияларды пайдалана және негізгі кезеңдерді: жоспарлау, дайындық, өткізу және нәтижелерді талдауды қолдана отырып кітапханада көпшілікке арналып өткізілген шаралардың көрсетілімін дайындауы және ұсынуы қажет. Шараның түрін, тақырыбын оқушылардың қызығушылықтары мен кітапхананы пайдаланушылардың қажеттіліктеріне орай байқауға қатысушы анықтайды. Көрсетілімнің ұзақтығы 7-10 минут (CD-дискідегі PowerPoint  орындалған 15 слайд); 

-             Машинкада жазылған жұмыстарды ресімдеуге қойылатын талаптар: жұмыс Word (97-2010) редакцясындағы мәтінде орындалады, қарпі – TimesNewRoman, 14 өлшем, жол арасы – бір жол, беттің екі жағынан 2 см орын қалуы және ені теңестірілгенболуы тиіс. 

 Электронды көрсетілімді бағалау үшін қойылатын талаптар:

-             мазмұны;

-             дизайны және эргономикалығы (ақпаратты көзбен қабылдаудың қолайлылығы, слайдтардың стильдік біртұтастығы, көрнекілігі, ерекшелігі);

-             технологиялығы.

Эссені бағалау кезінде ескерілетін параметрлер:

-             жұмыс автордың өзінікі болуы тиіс (басқа авторлардың жұмыстарын ішінара немесе толықтай пайдалануға болмайды);

-             мәтіннің мазмұндылығы;

-             мәселелерді жеке бастың қабылдауды;

-             өмірлік фактілер мен жеке әлеуметтік тәжірибесіне сүйене отырып өзінің пікірін дәлелдеу;

-             ішкі мағыналық біртұтастық, негізгі тезистер мен пайымдаулардың сәйкестігі, қорытындылардың анықтылығы және баяндаудың қисындылығы;

-              жұмыстың өзіндік ерекшелігі; – білімділік (көркемдік, қоғамдық, тарихи тұрғыдан); – бейнелілігі, сезімге әсер етуі, баяндау тілінің сауаттылығы.

 Аталған талаптарға сәйкес келмейтін Байқау материалдары қабылданбайды.Ұйымдастыру комитетінің электронды пошта арқылы жұмысты алғанын растауы Байқау жұмысының қабылданғаны туралы факт болып табылады. 

 Байқау жұмыстары мен қатысу үшін өтінімдер КДБ 2016 жылдың 12 ақпанына дейін қабылданады.

 

6.     Байқаудың 2 турға арналған тапсырмалары:

6.1     Шығармашылық блогы:

-       сәлемдесу

-       М.Хәкімжанованың шығармаларынан үзіндіні мәнерлеп оқу

-       жедел викторина

6.2      «Кәсіпқой» блогы байқау .

7.     Байқаудың қорытындысын шығару

 

            Байқауды өткізу және қорытындысын шығару үшін қазылардың міндетін қоса атқаратын байқау комиссиясы құрылады. Байқау комиссиясы ұсынылған материалдарға талдау жасайды, байқауға қатысушылардың жұмыстарын бағалайды, үздіктерін анықтайды және  жеңімпаздарды марапаттауды ұйымдастырады, сондай-ақ Байқауды насихаттау, оның талаптарын түсіндіру, ақпараттық материалдарды БАҚ тарату бойынша белгілі бір жұмыстарды жүргізеді.

Байқаудың қорытындысы «Л.Н.Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ болатын Байқаудың 2 туры өткізілген күні шығарылады және жарияланады.

 

 

 

 

 

1-қосымша

 

Н.Қ.Дәулетова ат. «Жыл кітапханашысы» облыстық кәсіби шеберлік байқауына қатысуға өтінім

Мекеменің толық атауы ________________________________________________

Байқауға қатысушы туралы мәлімет:

Аты-жөні (толық), білімі, кітапханалық жұмыс өтілі.

___________________________________________________________________________

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus