«Өнердің ұрпақтар арасындағы рөлі»
облыстық әдеби байқауы туралы ереже
Байқаудың жалпы ережесі:
Байқауға авторлардың мемлекеттік
және орыс тілдерінде еркін тақырыпқа жазылған үздік шығармалары келесідей
номинациялар бойынша қабылданады:
- проза (эссе, очерк, әңгіме) – А4 нысандағы 6 беттен аспауы тиіс;
- поэзия, өлеңдер топтамасы – 120 жолдан аспауы тиіс;
- поэма – 150 жолдан аспауы тиіс.
Қазылар алқасының мүшесі байқауға қатыса алмайды!
Ұйымдастырушы:
Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК.
Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:
Байқау әдебиеттің үздік дәстүрлерін сақтау, ұрпақтар сабақтастығы мен
ұлттық мәдениетті дамыту, қазақ және орыс тілдерінде жазатын авторлардың
шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыру, оларды оқырманмен таныстыру, өскелең
ұрпақтың тілдің құдіретін сезінуін, отанға деген сүйіспеншілігі мен
отаншылдығын тәрбиелеу мақсатында өткізіледі.
Байқауға қатысушылар:
Байқауға қатысу үшін жасы
15-тен асқан авторлар шақырылады.
Шығармашылық жұмысты ресімдеу және мазмұнына қатысты
талаптар:
-
байқауға авторлардың бұрын жарияланған немесе жарияланбаған, алайда басқа
байқауларға қатыспаған үздік шығармашылық жұмыстары электронды және баспа
түрінде қабылданады;
- жұмыстар TimesNewRoman қарпімен, 14 өлшеммен, 1,5 жол аралықпен орындалады;
- баспа түріндегі жұмыстар пластикті папкаларда қабылданады;
- баспа жұмысының немесе электронды хаттың бірінші бетінде төмендегі үлгі
бойынша толтырылған автор туралы ақпарат (сауалнама) қоса беріледі:
-
автордың тегі, аты, әкесінің аты;
-
автордың туған жылы, айы, күні;
- тұрғылықты жері, пошталық
мекенжайы;
- байланыс телефондары;
- электронды поштасының мекенжайы.
Байқау жұмыстарын
бағалау:
Барлық жұмыстар келесідей талаптар бойынша бағаланады:
1. Стилистика. Түр мен
мазмұнның біртұтастығы.
2. Ұйқастың сапасы (дәлдік,
бірегейлік, күрделілік).
3. Ұйқастың, өлшемнің, көлемнің сақталуы (дәлдік, бірегейлік, күрделілік).
4. Поэзияның классикалық әдістерін пайдалану.
Автордың өзіндік стилі.
5. Сөйлемнің мағынасын бұзуына әсер ететін негізсіз инверсияның болмауы
(сөйлемдегі сөздердің әдеттегі ретінің бұзылуы).
6. Фонетика (дыбысталуы). Оқуға оңайлығы.
7. Материал мағынасының тереңдігі, логикалық
байланысы, композициясы.
8. Мәнерлілігі, сөздік қоры, метафоралар,
эпитеттер, аллегориялар қолдану.
9. Тақырыпты ашудың өзгешелігі, ерекшелігі.
10. Сезімге әсер етуі.
Байқаудың жеңімпаздарын
марапаттау:
Ұйымдастыру комитеті қазылар алқасымен
бірге байқаудың қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылдайды, марапаттар көлемі
мен марапаттау тәртібін анықтайды, байқаудың үздік жұмыстары «Әдеби Қостанай»
альманахына енгізіледі.
Байқаудың қорытындысын шығару:
-
материал жинау 2019 ж. 20.04. және 2019 ж. 20.10. аралығында жүргізіледі.
-
байқауға қатысушылар екі жас санатына бөлінеді: 15 жастан 30 жасқа дейінгілер
(«Жастар» аталымы) және 31 жастан жоғарылар («Ересектер» аталымы);
-
мемлекеттік және орыс тілдеріндегі шығармалардың әр аталымы бойынша қазылар
алқасы 3 жүлделі орынды анықтайды;
-
қазылар алқасы өз шешімдері бойынша қосымша аталым енгізе алады;
-
жеңімпаздарды марапаттау 2019 ж. 01.12. кешіктірілмей өткізіледі.
Байқауға
келесідей жұмыстар қабылданбайды:
- ҚР заңына қайшы келетін;
- байқау жұмысын ресімдеуге және
мазмұнына қойылған талаптар бұзылған;
- плагиат;
- ұлтаралық
және дінаралық араздық тудыратын;
- сауатсыз
жазылған, бейәдеп лексика қолданылған жұмыстар.
Авторлық құқық:
Авторлар
жұмыстарын байқауға жолдай отырып
жолданған жұмыстардың міндетті түрде авторларын көрсету арқылы баспа
және электронды түрінде басылымдарда пайдаланылуына автоматты түрде келісім
береді.
Байқау
материалдары мына мекенжай бойынша қабылданады:
Қостанай қ., Алтынсарин көш. 111,
Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК, әдеби орталық, телефон:
500-322
e-mail: lit-center@mail.ru
Құрметті
авторлар, ынтымақтастығымыз жемісті болады деп сенеміз.
Қатысушының
сауалнамасы / анкета участника
Тегі
| | Аты,
əкесінің аты | | Қызмет орны,
оқу орнының аты | | Мекенжай | | Телефон
нөмірі (қызмет, үй,
моб.) | |
Күні /Дата _____________________
Қолы / Подпись_________________
|