Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Әдеби альманахтың тұсаукесері 24.04.2015 | 23.04 Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнін Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұмытылмас ерліктер мен өшпес даңқ» атты онкүндікті «Тобыл толкындары» әдеби альманахының 3-ші шығарылымының тұсаукесерімен жалғастырылды. Аталған альманахқа «Жеңістін алтын алқасы» облыстық әдеби сайысының қатысушыларының үздік деген 103 жұмыстары енген: өлеңдер, поэмалар, шағын проза, публицистика, облыс тұрғындарының Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен жақындары туралы естеліктер. Көрермендер Ұлы Отан соғысының ардагерін Григория Семенович Олейникті жылы қарсы алды. Оның «Искупление» атты шығармасы «Говорят ветераны войны» атты рубрикада енгізілген. Ардагерді құттықтауға кеш қолдаушысы Банкцентркредит өкілі Сергей Иванович Ватчалов естелік сыйлығын тарту етті. Тұсаукесерде құрметті ардагерлер, аталған альманахқа жұмыстары енген қостанайлық авторлар, жоғары оқу орнының мұғалімдері мен студенттері қатысты. Авторлардың орындауында өлеңдер оқылып, облыстық филармония әншілерінің Жеңіс жайлы өлеңдері шырқалды. Редакция алқасының мүшелеріне: А.Шаяхметке, Н.Кочинге, Г.Бердалиноваға, А.Сусловаға, Н.Кұлабаевқа, Ю.Бондаренкоға, А. Маудановқа, В.Лоскутниковқа, А. Денисовке, В.Варенцовқа, А.Олексюкке, Ж.Жүсіпбековке әдеби сайысқа түскен жұмыстармен танысып, іріктеп, үздік деген жұмыстарды альманахқа енгізген ерен еңбектері үшін ерекше ықылыс білдіріліп, шай үстінде естелік сыйлықтар тарту етілді. | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|