Психолог дәрісі
16.02.2015
Оқу залы бөлімі 10 ақпаны күні сағат 15.00 «Біз және балаларымыз: отбасылық қатынасты қалай құру керек?» тақырыбымен бір психологтың – И.А.Зуевтің дәрісін ұйымдастырды. Игорь Александрович Зуев – психолог, «Қостанай облыстық медиаторлар қауымдастығы» қоғамдық қорының жаттықтырушы-медиаторы, денсаулық сақтау жүйесінде еңбек етіп жүрген психолог.
Дәрістің мақсаты: отбасылық тәрбие берудегі ауытқушылықтарды анықтау, ата-аналардың балаларын тәрбиелеу тәсілдерін өзгертулеріне көмектесу, отбасындағы келіспеушіліктердің алдын алу.
Шараға ата-аналар, әлеуметтік психологтар мен педагогтар, оқушылар шақырылды.
Дәріс түрлі көрсетілімдермен, бейнефильмдермен және кітап көрмесімен толықтырылды.