Кітапхананың әмбебап
құжаттар қоры 2025 жылдың 1 қаңтар қарсаңында 481 846 дананы құрап, оның 76610 данасы мемлекеттік
тілде болды және бұл облыс аймағындағы ең ірі қор болып табылады.
Кітапхана қоры келесілерден тұрады:
• кітаптар – 387 335,
• кітапшалар – 130,
• мерзімдік басылымдар – 76259,
• ноталық басылымдар – 4897,
• аудиовизуалды материалдар (күйтабақтар, магниттік таспалар, диафильмдер) – 10015,
• электронды ақпарат тасығыштар – 3003,
• картографиялық басылымдар – 207,
• сирек басылымдар – 2275.
Қор қазақ, орыс, шет тілдерінде және ТМД халықтары елдерінің тілдерінде ұсынылған.
2024 жылы мерзімді басылымдардың 187 атауы, оның ішінде газеттердің 49 атауы, мемлекеттік, орыс және шет тілдеріндегі журналдардың 138 атауы келіп түсті.