26 қыркүйек
күні ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, бокстан КСРО спорт шебері Мүрсәлім
Кәминұрұлы Тәжімақинның 70 жасқа толуына арналған «Былғары қолғапты батыр» атты
еске алу кеші болып өтті.
Шараға боксшының туыс-туғандары, Мүрсәлім
Кәминұрұлының шәкірттері, оның бірге жүрген әріптестері – «ҚОККҚ»
ЗТБ атқарушы директоры Сухинин Петр Петрович, спортшы, ақын, қоғам қайраткері Денисов Аркадий
Семенович, тележурналист, отбасымен жақын араласқан Мадин Әуезхан ағай, «Қостанай облысының бокс федерациясы» ҚБ
атқарушы директоры Оспанов Қайрат Мақсұтұлы, ҚМПИ, дене тәрбиесі факультетінің
студенттері, автомобиль жолдары және педагогикалық колледждерінің оқушылары
қатысты.
Кеш сағынышқа, ыстық ықыласқа толы болды.
Қонақтар Мүрсәлім Кәминұрұлы жайындағы естеліктерімен бөлісті. Кешке жиналғандардың назарына осы
күндері М.К.Тәжімақинды еске алу үшін өткізіліп жатқан бокстан Қостанай
облысының чемпионатынан бейнесюжеттер, көрсетілімдер, былғары қолғап шеберінің
өмірі мен қызметі жайында баяндаған кітап көрмесі ұсынылды.
«Армандастар» вокалды студиясының жетекшісі
Түлкібек Рысмағамбетов Мүрсәлім Кәминұрұлының жақсы көретін «Көзімнің қарасы»
және «Құстар» әндерін, сондай-ақ «Я казах,
в Казахстане я живу» әнін орындады. |