21 наурыз – Бүкіләлемдік поэзия күніне арналған облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың қонақжайында, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының «Жансусар» жас ақын- жазушылар клубымен 18 наурыз күні Қостанай мен Астана қалаларының әдеби қауымымен бейне көпірі болып өтті. Кейбірі республикаға танымал енді бірі болашақта аламан бәйгеден озып келіп, жыр сүйер қауымның көңілінен шығып, келешегіне нық қадам жасап жүрген сөз зергерлерін бір арнаға тоғыстырған әдеби бейне- көпір ақпараттық технологияларды кеңінен қолданған заманауи жүздесу болды. Қостанай мен Астана жазушыларының әдеби бейне көпірінде бірінші сөз алған – Жазушылар одағының мүшесі, ақын, Қостанай мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты А.Қ. Шаяхмет мерекеге өзінің ақжарма тілегін жолдап, Астана жұртышылғына әдебиетті насихаттауда Қостанай қаламгерлерінің шығармашылығына қолдау білідіруін сұрап, жарияланған байқаулар болып жатса сырт қалмайтындарын баса айтты. Сонымен қатар әдеби идеологияның деңгейін көтеруді тапсырды. Елді отаншылдыққа, азаматтыққа шақыратын бағытта жұмыстар жасалу керектігін де айтып өтті. Бейне-көпірдің тізгінін ұстаған жас ақын, Халықаралық «Шабыт» байқауының бас жүлдегері А. Мауданов осындай бейне байланыс арқылы сұхбатқа шыға отырып, жастардың шығармашылығын қолдауда атқарылып жатқан клуб жұмыстары жайлы сұрағын қойды. Кезекпен өлеңдер оқылды. Астана жақтан тұшымды ой айтып, тағылымды жауап қатқан Ақберен Елгезек, Ерлан Жүніс сынды қаламы төселген, танымал ақындар өз өлеңдерін оқып, Қостанайда осындай ортаның бралығына шын ықыластарын білдіріп жатты. Ұлттық кітапхананың Бас директорының орынбасары Ғ.Б. Исақанова республиканың қаламгерлерімен тығыз жұмыс жасап, өңірлердің әдебиетін биікке көтеру жайлы ұсынысын айтып, мүмкін болып жаста ақын- жазушылар өз қаражаттарымен іс сапар жасап отыруды тапсырды. |