Оқу залдары бөлімі 2014 жылдың 27 ақпан күні «Тыңға тәуелді болған тағдырлар» атты еске алу кешін өткізді. (1954 ж. 28 ақпанында ерікті тыңгерлердің алғашқы тобы келіп түсті)
Шараға алғашқы тыңгерлер Г. С. Соколов, И. Д. Осепчук, Ш. Н. Жанбатырова, Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары В.Г.Семенова, еңбек ардагерлері, кітапхана оқырмандары, ҚМУ агробиология факультетінің студенттері, әлеуметтік-техникалық, «Зерек» колледждерінің оқушылары, әріптестер шақырылды.
Шара оқырмандардың тың және тыңайған жерлерді игеру процесін білуін, еліміздің дамуында елеулі орын алған кезеңді ұмыттырмау, еңбек адамдарына құрметпен қарауды тәрбиелеу мақсатында өткізілді.
Кездесуге келген кісілердің қызықты естеліктері әсем әндермен, тың жылдарындағы шығармалармен, тың туралы түсірілген бейнероликтермен безендіріліп отырылды.
Кездесуге келгендердң ҚМУ оқытушысы Е.Тершиловский, Қазақстан Республикасы кітапхана ісінің үздігі, «Мәдениет қайраткері», Л.Толстой ат. ОӘҒК директоры Г.Ғ.Казина құттықтады.
Оқу залы келушілер назарына тың жайындағы көрсетілім, кітап көрмесін және мерзімді басылымдарды ұсынады.