Облыстық кітапхананың қонақжайында 5ақпан күні кітаптың тұсауы кесілді. «Дала дарыны» жобасымен жарық көрген қостанай облысы жас ақындарының «Дән дария» жыр жинағы републикалық «Тұран» баспасынан 1000 данамен басылып шыққан. Жинаққа: Т.Бұқабаев, Н.Құлабаев, А. Мауданов сынды қаламы қарымды, танымал дарынды жерлестеріміз енген. Жинақтың шығуына өз ағалық қамқорлығын көрсетіп, алғысөз әрі ақындардың қысқаша өмірбаянымен жазып тыңғылықты еңбек еткен ҚР жазушылар Одағының мүшесі, ақын, жазушы, филология ғылмдарының кандидаты, Қостанай облысының құрметті азаматы А.Шаяхмет болды. Тұсаукесер барысында өлеңдер оқылып, қаламгерлермен қызықты әңгіме жүргізілді. Шараға арнайы шақырылған құрметті қонақтарымыз бен қалам ұстаған жастар жинаққа құтты болсын айтып, өңірімізді жырмен сусындатып, салиқалы ақыл қосатын аға буынның бар екенін мақтанышпен айттып өтті.
Кітапхана директорының орныбасары С.С. Безаубекова мен А.Шаяхмет Алматыдан сыйға келген 10 жинақты салтанатты түрде лентасын қиып, авторларға сыйға тартты. Кітап өз оқырмандарын табады деген сенімдеміз.