Франция өкілдерімен кездесу
29.01.2014
Өнер туралы әдебиеттер бөлімінде «Французский
альянс» ҚБ (Қазақ-француз мәдени орталығы, Қостанай қ.) Қостанай филиалы
өкілдерінің және А.Байтұрсынов ат. ҚМУ аға оқытушысы А.Щербаковтың қатысуымен «Қазақстан
мен Франция арасындағы мәдени байланыс» тақырыбына кездесу өткізілді. Кездесуге
«Зерек» колледжінің 2 тобы шақырылды. Филиал директоры Г.К.Жаңбыршина мен
Гренобль қ. келген француз орталығының тәжірибеден өтушісі магистрант Анаис
Мурэ Қазақ-француз мәдени орталығының жұмысы туралы айтып берді.
Г.К.Жаңбыршина, А.Сухова және француз магистранты кітапханаға француз суретшісі
Доминик Сосоликтің (Дижон қ.) монотопия стилінде орындаған және А.М.Щербаков
безендірген 20 жұмысын сыйға тартты.