Жылды атақты қазақ ақын-жазушылары Сәкен Сейфулин,
Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтің туғанына 120 жыл толуын тойлаудан
бастадық. 23.01 күні мерейтой иегерлеріне арналған «Үш бәйтерек» кітап
көрмесінің тұсаукесері өтті. Көрмеде аталған авторлардың толық шығармалары, таңдамалы, жеке
басылымдары мен біздің кітапхана қорынан алынған мерейтой иегерлері туралы
ақпараттар қойылды.
Мерейтой иегерлерінің шығармашылық
мұралары жайлы өз ойларын ҚР жазушылар Одағының мүшесі Ақылбек Шаяхмет, «Егемен
Қазақстан» республикалық газетінің арнайы тілшісі Назира Жәрімбетова, «Қостанай
таңы» аймақтық газетінің тілшісі Нұрболат Мешітбаев, тұрақты оқырманымыз
Жұмағали Қасымов білдірді.
Жерлесіміз Б. Майлиннің сотталу кезіндегі қаралған істі
зерттеп, «Үрей мен үміт» атты кітабында құжаттық деректер ұсынған ҰҚК ардагері,
қаламгер Ғалихан Мәулетовтың әңгімесі тыңдаушылар қызығушылығын тудырды.
Студенттер
Сәкен, Бейімбет, Ілиястың өлеңдерін оқып, әндерін шырқады. Кітапхана
қызметкерлерінің орындауында Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» пьесасынан
үзінді қойылып, Сәкен Сейфуллиннің «Құлагер» поэмасына түсірілген фильм бойынша
видеосюжет қонақтар назарына ұсынылды.
А.Байтұрсынов ат. ҚМУ және ҚМПИ оқытушылары мен
студенттеріне осы көрме бойынша шолу жасалды. |