«Қазақ халқының кемеңгер перзенті»
20.02.2025
20 ақпанда Өлкетану әдебиеттері бөлімі қазақтың атақты шығыстанушы ғалымы, тарихшы, этнограф, географ Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына арналған «Қазақ халқының кемеңгер перзенті» атты кітап көрмесінің тұсаукесерін өткізді.
Тұсаукесерді «Нұрәуен» студиясы «Әлқисса» күйімен ашты. Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК басшысы Безаубекова Сания Серікқызы жиналғандарға арнап құттықтау сөз сөйледі. Іс-шара барысында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми хатшысы Оташева Назима Қуанышбайқызы, тарих ғылымдарының кандидаты, А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті Исмаилов Серікжан Сағындықұлы, «Qazbilim Qostanay» ұлттық лицейі директорының оқу бөлімі жөніндегі орынбасары Сәрсенбек Бақытұлы, ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағы мүшесі Құлабаев Нұрқанат Жүнісұлы сөз алды. Олар жиналғандардың назарын Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметінің әртүрлі кезеңдеріне аударды.
Тұсаукесер кәсіби тарихшылардың, әдебиетшілердің, педагогтардың, сондай-ақ ҚР ҰҚК Шекара қызметі өкілдерінің де, қаланың оқушы жастарының да қызығушылығын тудырды.