Ілияс Есенберлин «Көшпенділер»
19.02.2025
Әмбебап оқу залы «Жаныңа жақын кітабыңды тап» жобасы аясында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№76 мекемесі» РММ қабырғасында Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» шығармасына арналған талқылау сағатын өткізді.
Іс-шарада қатысушылар қазақ әдебиетіндегі маңызды кезеңге айналған романның жазылу тарихымен танысып, оның әдеби және тарихи аспектілерін талқылады.
Шығарманың тәуелсіздік үшін күрес, көшпелі халықтардың тағдыры, дәстүрлер мен халықтың ар-намысы сияқты негізгі тақырыптарына, сондай-ақ Қазақстан тарихын қазіргі кезде қабылдаудың маңыздылығына және оның ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды.
Талқылау сағаты Ілияс Есенберлиннің шығармашылығын зерттеушілердің сирек кездесетін мұрағаттық материалдары мен түсініктемелерін пайдаланған танымдық бейнетаныстырылыммен сүйемелденді.