«Жаныңа жақын кітабыңды тап»: М. О. Әуезов «Лихая година»
17.01.2025
Әмбебап оқу залы «Жаныңа жақын кітабыңды тап» жобасы аясында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№38 мекемесі» РММ қабырғасында М. О. Әуезовтің «Лихая година» шығармасына арналған әңгіме-сұхбат өткізді.
Іс-шарада қатысушылар адамгершіліктің, адам табиғатының, адамның жеке таңдауы мен қоғамдық игілік арасындағы байланыстың маңызды мәселелерін көтеретін шығарманың мәніне тереңірек енуге мүмкіндік алды.
Әңгіме-сұхбат барысында қатысушылар рухани құндылықтарды, әділдік үшін күресті және қоғамдық дүрбелең жағдайында моральдық бағдарларды сақтауды талқылады.
Іс-шара кітаптың оқиғалары орын алған дәуірді бейнелейтін бейнематериалдарды көрсетумен сүйемелденді. Сонымен қатар тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.