«Өнерде ешкім алдай алмас адамды»
13.01.2025
13 қаңтардан бастап Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК қонақжайында жазушы және драматург Антон Павлович Чеховтың туғанына 165 жыл толуына арналған «Өнерде ешкім алдай алмас адамды» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Антон Чехов – жазушы, талантты драматург, академик, мамандығы бойынша дәрігер. Оның көптеген шығармалары әлемдік әдебиеттің классикасына айналды, ал пьесалары әлі күнге дейін әлем елдерінің театрларында табысты сахналанып келеді.
Көрмеде Антон Павлович Чеховтың әр жылдардағы басылымдары, оның өмірбаяны мен шығармашылығына арналған мақалалар ұсынылған.