Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Қазақстан – әлемнің рухани астанасы»
10.01.2025
Әмбебап оқу залы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің 2023–2033 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын ілгерілету шеңберінде негізгі әлемдік діндер: ислам, христиан, буддизм туралы баяндайтын кітаптар ұсынылған «Қазақстан – әлемнің рухани астанасы» атты кітап көрмесін дайындады.
Көрмеде келесідей кітаптар қойылған: Дербісәлі Әбсаттар қажы «Ислам және заман», Подушкин Н. П. «История мировых религий», «Буддизм: четыре благородных истины», «Библия: иллюстрированные фрагменты Священного Писания». Барлық таңдалған шығармалар діни сананың негізгі тарихи кезеңдері мен формаларын қамтиды, діннің мәні мен мазмұнын адамзат тарихы мен мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде көрсетеді.
Көпшілік оқырманға арналған кітап көрмесі жыл бойы жұмыс істейді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ