«Қазіргі қоғамдағы әйелдер құқығы»
06.01.2025
Құрметті оқырмандар, Әмбебап оқу залы «Қазіргі қоғамдағы әйелдер құқығы» атты кітап көрмесін дайындады.
Көрмеде Поленина С. В. «Права женщины в системе прав человека: международный и национальный аспект», Батпенова Г. «Женщина на государственной службе и в бизнесе» секілді кітаптар ұсынылған. Аталған материалдар гендерлік теңдіктің, әйелдер құқықтарының және олардың қазіргі әлемдегі рөлінің өзекті мәселелерін ашады.
Көрмеде оқырмандарға ұсынылған QR-кодтың көмегімен осы тақырып бойынша қосымша ақпарат алуға болады.
Көрме алты ай бойы жұмыс істейді және жүйелі түрде жаңартылып отырады.