Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Жемқорлықсыз қоғам – ұлт болашағы» 06.01.2025 | Әмбебап оқу залында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың азаматтық-құқықтық аспектілеріне арналған «Жемқорлықсыз қоғам – ұлт болашағы» атты тұрақты жұмыс істейтін кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, ғылыми жинақтар мен оқу-әдістемелік құралдар, елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы «Парасат», «Фемида», «Ақиқат» мамандандырылған журналдарының жарияланымдары, осы құбылыспен күресу үшін мемлекет қабылдап жатқан шаралар ұсынылды. Оқырмандар үшін А. Н. Агыбаев «Сыбайлас жемқорлық қылмыстарына заңдылық сипаттама», «Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне түсіндірме», А. А. Смагулов «Сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес проблемалары», Э. Алауханов «Борьба с коррупцией», И. Борчашвили «Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан» кітаптары, С. М. Рахметовтың «Уголовно-правовые меры по борьбе с коррупцией» монографиясы қызықты болмақ. Кітап көрмесі жыл бойы жұмыс істейді және мезгіл-мезгіл жаңартылып отырады. | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|