Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Болашақ үшін сақталар бабалар мұрасы»
06.01.2025
Құрметті оқырмандар! Өлкетану әдебиеттері бөлімі назарларыңызға сирек кітаптар мұражайындағы әдебиеттерден Қостанай қаласы мен Қостанай облысының тарихына арналған «Болашақ үшін сақталар бабалар мұрасы» атты жыл сайынғы кітап көрмесін ұсынады.
Біздің өлкеміздің тарихы мемлекет тарихымен тығыз байланысты. Ол біздің өміріміз бен дамуымыздың ажырамас бөлігі болып табылатын ақпарат пен тарихи тәжірибенің құнды көзі болып саналады.
Кітап көрмесінде келесідей бірегей өлкетану басылымдары: А. А. Кауфманның 1897 жылғы «Переселенцы-арендаторы Тургайской области» жинағы, «Великая реформа [1861–1911]: Русское общество и крестьянскiй вопросъ въ прошломъ и настоящемъ. Т. 6» (1911 г.) мерейтойлық басылымы, В. Г. Малехоньков, З. П. Толстых «Возникновение города Кустаная» (1959 г.), Г. М. Тетерев «Кустанайская сокровищница» (1958 г.) «Отчет Львовского опытного поля Тургайской области Кустанайского уезда» (1915 г.), «История Жиляевского восстания» И. Грушина (1922 г.), «Кустанай: вчера, сегодня, завтра» (1979 г.), «Амангельды Иманов – вождь восстания 1916 года в Казахстане» С. Брайнина (1939 г.) және т.б. басылымдар қойылған.
«Болашақ үшін сақталар бабалар мұрасы» кітап көрмесі ағымдағы жылдың соңына дейін жұмыс істейтін болады.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus