Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Президенттің Жолдауы – ел дамуының негізгі бағыты»
05.01.2025
Әмбебап оқу залы Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауына арналған «Президенттің Жолдауы – ел дамуының негізгі бағыты» атты кітап көрмесін дайындады.
Көрме келушілерді Жолдауда көрініс тапқан еліміздің дамуында шешуші рөл атқаратын маңызды қағидаттармен және бағыттармен таныстыруға бағытталған.
Көрмеде мерзімді басылымдардан алынған кітаптар мен материалдар, Жолдауда қозғалған тақырыптарды: экономиканы дамыту, әлеуметтік сала, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік саясатының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын егжей-тегжейлі баяндайтын QR-кодтар ұсынылған.
Кітап көрмесі жыл бойы жұмыс істейтін және жаңартылып отыратын болады. Көрме көпшілік оқырманға арналған.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ