«Киелі Қазақстан: көне тарих айнасы»
05.01.2025
Өлкетану әдебиеттері бөлімі жаңа жылда өз жұмысын «Киелі Қазақстан: көне тарих айнасы» атты кітап көрмесімен жалғастырды. Көрмеде ұсынылған материалдардың ішінен келесі басылымдарды көруге болады: «Қасиетті Қазақстан», «Торғайдың ғұрыптық-қасиетті геометриялық кешендері («геоглифтер»)», «История родного края: события и судьбы».
Бұл шығармалар Қазақстанда, атап айтқанда Қостанай облысының аумағында орналасқан бірегей және қызықты киелі орындар мен нысандар туралы әңгімелейді.