«Жазушы және оның дәуірі»
06.12.2024
6 желтоқсанда Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімнің қызметкерлері мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбаевтың туғанына 85 жыл толуына орай «Жазушы және оның дәуірі» атты іс-шара ұйымдастырды.
Қатысушылар халық жазушысының жеке өмірімен және шығармашылығымен танысты. Іс-шараның жүргізушілері Ә. Кекілбаев шығармаларының негізінде поэтикалық аңыздар, бабалардың асыл мұрасы ретінде ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп келе жатқан халық ертегілері жатқанын атап өтті.
Әбіш Кекілбаев қазақ халқының рухани дамуына баға жетпес үлес қосты. Оның шығармалары қазақ әдебиетінің ғана емес, әлемдік әдебиеттің де қазынасын толықтырды.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану