«Кітаптар әлеміндегі құқықтар әлемі»
20.11.2024
Бала құқықтары туралы конвенцияның 35 жылдығына және оны Қазақстан Республикасында ратификациялаудың 30 жылдығына орай «Зерек колледжі» жеке мекемесінде «Кітаптар әлеміндегі құқықтар әлемі» атты әдеби-құқықтық сағат өтті.
Кездесу барысында студенттер Конвенцияның негізгі ережелерімен танысып, қазіргі қоғамдағы балалардың құқықтарын қорғаудың маңыздылығын талқылады, сондай-ақ кейіпкерлерінің құқықтары бұзылған туындыларды еске түсірді.
Іс-шара соңында бала құқықтары туралы бейнеролик көрсетілді.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
@zerek_2010