Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Сыйға тартылған кітаптар 15.11.2024 | Жарты ғасырлық өтілі бар оқырман, тарих ғылымдарының докторы, А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры Дмитрий Максимович Легкий «От техникума к училищу. Становление среднего специального образования в городе Костанае (1923 г. – 1941 г.)» атты монографиясын Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК-на сыйға тартты. Дмитрий Максимович қажырлы ғылыми зерттеулердің арқасында қалалық оқу орындарының: педагогикалық техникумның, қазақ және орыс педагогикалық училищелерінің, фельдшерлік техникумның құрылу және қалыптасу кезеңін жарыққа шығарды. «Мен "От техникума к училищу" монографиясы техникалық және кәсіптік білім беру саласы педагогтарының кәсіби қоғамдастығы үшін ғана емес, туған өлкесінің тарихына қызығушылық танытқандардың барлығы үшін де қызықты болады деп ойлаймын», – деді Қостанай қаласының әкімі М. Жүндібаев өз сөзінде. Дмитрий Максимовичке ризашылығымызды білдіреміз және кітапхана қорынан лайықты орын алатын кітапты сыйға тартқаны үшін алғыс айтамыз. @dmitriilegkii7533 #гидқазақстанға #гидпоказахстану | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|