«Гендерлік теңдікке жету жолы»
11.11.2024
Абонементтер бөлімінде «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы аясында жаңартылған «Гендерлік теңдікке жету жолы» көрме-қарауы өз жұмысын жалғастыруда.
Экспозиция келушілерді әйелдер құқықтары мен гендерлік теңдіктің маңызды мәселелерімен, соның ішінде Ж.Сәрсенованың «Гендерлік» және «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыптарындағы еңбектерімен, әйелдер мен қыздарды кемсіту мәселелерін, гендерлік теңдік, зорлық-зомбылықтан қорғау және кемсітушілік саласындағы заңнамаға қатысты материалдарды қамтитын құқықтық материалдармен танысуға шақырады.
Сонымен қатар көрмеге «Графиня Рудольштадт», Жорж Сандтың «Консуэло», Д. Фаулздің «Коллекционер» секілді көркем әдебиеттері қойылған.
Барлық тілек білдірушілерді көрмеге шақырамыз.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану