«Дұрыс жүріс»
08.11.2024
«Ақ таяқ» айлығы аясында «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ зағип және нашар көретін азаматтар арасында «Дұрыс жүріс» тақырыбымен үстел ойындарынан сайыс өтті. Ойынға «Дода» клубының мүшелері келді. Жарысқа дойбыдан әлем чемпионы Ершова Софья Вячеславовна төрелік етті. Қатысушылар шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ ойнады. Сайыс жеңімпаздары «Ақ таяқ» айлығын қорытындылау кезінде марапатталатын болады.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану