«Жүректегі жылу жоғалмақ емес»
08.11.2024
Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің Рудный қ. филиалында Халықаралық соқырлар күнін талқылау бойынша сұхбат алаңы өтті.
Іс-шараға «Мир нашими глазами» ҚБ өкілдері Д. Б. Сұлтанғалиева, А. Б. Исмуратов, О. С. Федорова, сондай-ақ бөлім оқырмандары қатысты.
Талқылау барысында қоғамдық бірлестіктердің көру қабілеті бойынша мүгедектерді әлеуметтендірудегі және бейімдеудегі рөлі, мемлекеттік қолдау және көру қабілеті бойынша мүгедектердің өмір сүру сапасы туралы мәселелер талқыланды.
Халықаралық соқырлар күні жаны жаралы жандарға құрмет көрсету және қолдау білдіру, бәріміздің әртүрлі екенімізді, бірақ тең екенімізді түсінуге және есте сақтауға себеп болып табылады.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану