«Тұлғаның тағдыры»
06.11.2024
Өнер туралы әдебиеттер бөлімі Қазақ КСР халық суретшісі Нағымбек Жемал-Әд-Динұлы Нұрмұхамедовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Тұлғаның тағдыры» атты безендірілмелі кітап көрмесін көруге шақырады.
Нағымбек Жемал-Әд-Динұлы Нұрмұхамедов – кеңес суретшісі, өнертану кандидаты. Негізінен реализм, импрессионизм бағыттарында жұмыс істеді.
Көрмеге «Қазақ мәдениеті: энциклопедиялық анықтамалық», Рыбакова И. А. «Советские художники. Живопись. Нагим-Бек Нурмухаммедов», «Восточно-Казахстанский областной музей изобразительных искусств имени семьи Невзоровых в городе Семипалатинске» және т. б. басылымдар қойылған. Суретші сонымен қатар өнертану бойынша бірқатар ғылыми еңбектердің және бірнеше альбомның авторы болып табылады.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану