Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Инклюзивті қоғамдағы қарым-қатынас ережелері» 21.10.2024 | 21 қазанда Абонементтер бөлімі Қостанай жоғары экономикалық колледжінде инклюзивті мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шараларға орайластырылған «Инклюзивті қоғамдағы қарым-қатынас ережелері» тақырыбында дәріс өткізді. Бөлім мамандары инклюзивті мәдениеттің негізгі ережелерін, мүгедек адамдармен және олардың жақындарымен қалай дұрыс қарым-қатынас жасау керектігін түсіндірді. Іс-шараға Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың педагог-психологы Өміртаева Гүлмира Әуезбайқызы шақырылды. Спикер ерекше қажеттіліктері бар адамдардың басқалар сияқты қоғамның толыққанды мүшелері екенін, олардың да өзгелер секілді құқықтары мен қажеттіліктері бар екенін түсінудің маңыздылығын атап өтті. Дәріс соңында ойын-тренингтер өткізіліп, инклюзивті қарым-қатынастың ұстанымдары туралы бейнеролик көрсетілді. #гидқазақстанға #гидпоказахстану | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|