«Инклюзивті мәдениетті қалыптастыру: мақсат және іске асыру»
15.10.2024
15 қазанда Әмбебап оқу залы «Includo» жобасы аясында «Инклюзивті мәдениетті қалыптастыру: мақсат және іске асыру» атты сұхбат алаңын өткізді.
Іс-шараға А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ психология кафедрасының профессоры, «Мүгедек студенттерге қолжетімді білім беру» ҚБ төрағасы Л. В. Саркисян, «Радуга» мүгедек балалар аналарының қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Н. Н. Колоскова, «Ә.Бөкейханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ инклюзияны қолдау кабинетінің әдіскері А. А. Мұқашева қатысты.
Кездесуде дамуында физикалық және ақыл-ой кемістігі бар адамдардың білім алуына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, мүгедектігі бар адамдарға төзімділікпен қарау жолдары қаралды.
Іс-шараға А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ педагогика, психология және арнайы білім беру кафедрасының студенттері, Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің студенттері қатысты.
Іс-шара кітап көрмесімен және бейнероликпен сүйемелденді.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
@raduga_kostanay
@baitursynuly_university
@kpk1love_inst
@sh29kostanay