Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ас атаулының атасы»
10.10.2024
16 қазанда дәстүрлі түрде Дүниежүзілік нан күні атап өтіледі. Әмбебап оқу залы осы күнге орай «Ас атаулының атасы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрмеде бидайдың нан болғанға дейін қандай жолдан өтетіні туралы басылымдар қойылған. Сондай-ақ осы басылымдардың көмегімен оқырман оны өсіру үшін қажетті түрлі мамандықтармен таныса алады. Кітаптардан нан пісірудің тарихы мен қара бидай, бидай және нанның басқа да түрлерін пісіру технологиясы туралы білесіздер, бәліштер, Пасха нандары, тоқаштар, түрлі тағамдар мен кепкен нан өнімдерінің рецептерімен танысасыздар. Көрмеде нанның әлеуметтік және моральдық құндылығына, оның ел өмірі және әр отбасы үшін қашанда маңызды екендігіне арналған басылымдар ерекше орын алады.
Барлық ниет білдірушілерді көрме материалдарымен танысуға шақырамыз!
#гидқазақстанға #гидпоказахстану

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ