«Алтын ғасыр. Золотой век»
Өлкетану әдебиеттері бөлімі кітап пен кітап оқуды ілгерілету жобасы аясында «Кітап және қаламгер» кітап көрмесіне арналған бейнесюжеттер сериясын жалғастыруда. Бұл жолы назарларыңызға «Алтын ғасыр. Золотой век» әдеби-көркем және қоғамдық-саяси журналының алғашқы шығарылымын ұсынамыз.
Бұл басылымды 2001 жылы Жазушылар одағының Қостанай облыстық филиалы жарыққа шығарды және ол Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына және Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының облыстық филиалының құрылғанына бірінші жыл толуына орайластырылды. Бұл облыстың шығармашылық күштерін бағамдаудың бір түрі болып табылады. Қостанай жері таланттарға ешқашан кенде болған емес. Олар қазір де кеміп кеткен жоқ. Жас әдеби таланттар үнемі өсіп келеді. Оларды қолдау, олардың өз оқырмандарын табуы үшін осы басылым ойластырылды.
Журнал жақсы әдебиетті жақсы көретін және туған өлкенің өнері туралы көбірек білуге ұмтылатын кез келген адамды қызықтыратыны сөзсіз. Онда жарияланған көптеген авторлар қазір Қостанай әдебиетінің нағыз классиктеріне айналды. Олардың шығармалары өзектілігін жоғалтқан жоқ және қазіргі оқырманның да көңілінен шығатыны күмән тудырмайды.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер:
https://youtu.be/c1XqVLa9M6I #гидқазақстанға #гидпоказахстану