Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Өзін де, өзгені де танитындар»
03.10.2024
Абонементтер бөлімінде Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай «Өзін де, өзгені де танитындар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Психикалық денсаулық біздің аман-есен болуымыздың негізі болып табылады, қолымыздан келетін істі орындауға, күйзелісті жеңуге, тиімді жұмыс істеуге және қоғамдық өмірге маңызды үлес қосуға көмектеседі.
Көрмеде түсінікті және практикалық кеңестерге бейімделген кәсіби психотерапиялық амалдар мен әдістер жинақталған Д. Федотовтың «О сохранении психического здоровья», балаларды тәрбиелеу және дамыту, сондай-ақ олардың ата-аналарын да дамыту мәселелерін зерттейтін В. Левидің «Нестандартный ребенок, или Как воспитывать родителей», мазасыздықпен, торығумен және деструктивті мінез-құлық үлгілерімен күресудің кешенді бағдарламасын ұсынатын Э. Рутманның «Надо ли убегать от стресса» кітаптары ұсынылған.
Көрмені көруге шақырамыз.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ