1 қазанда «Парасат жолы» жобасы аясында А.Никифоров атындағы Қостанай балалар мамандандырылған көркемсурет мектебі директорының орынбасары Александр Юрьевич Рерихпен әңгіме өтті.
Александр Юрьевич қазіргі кезде жас ұрпаққа білім берудің және оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудің маңызды екенін атап өтті. Мектеп мұғалімдері өнер мен шығармашылық арқылы өз шәкірттеріне адам жанының сұлулығы мен тереңдігін жеткізуге тырысады. Оқушыларға сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беретін және бұл құбылыстың қоғам мен жеке тұлға үшін қауіптілігін түсіндіретін «Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында іс-шаралар, сурет байқаулары үнемі өткізіліп тұрады.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер:
https://youtu.be/Z8VclU48LxE #гидқазақстанға #гидпоказахстану