Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Спорт – өмір талабы»
26.09.2024
Әмбебап оқу залы «Спорт – өмір талабы» атты талқылау сағатын өткізді.
Спорт күні – дені сау ұлтты қалыптастыру ісіндегі мемлекеттік саясаттың жетістіктерін көрсету. Тәуелсіз Қазақстанда Спорт күні 2003 жылы бекітілді. Спортшылар мерекесі тамыздың үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Бұл қазақстандық спортшылардың ұлттық және халықаралық жарыстардағы жетістіктерін атап өтуге, дене шынықтыру сабақтарына қатысып, спортты жақсы көретіндердің барлығын спорттық мерекемен құттықтауға себеп болып табылады.
Іс-шараға «Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі» КМҚК оқушылары, А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері қатысты. Спикер ретінде Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Мүгедектердің спорт клубы» КММ басшысының спорт жұмысы жөніндегі орынбасары Бескиеру Андрей Андреевич шақырылды.
Іс-шарада спортпен және дене шынықтырумен айналысудың денсаулық үшін маңыздылығы, спортпен шұғылдану үшін инфрақұрылымның қолжетімділігі, спорт мектептерін, секциялар мен клубтар желісін дамыту мәселелері талқыланды. Тыңдаушылар «Спорт – өмір талабы» атты тақырыптық бейнеролик пен кітап көрмесін тамашалады.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus