Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Тың. Жырға айналған жылдар»
17.09.2024
2024 жылы тың және тыңайған жерлерді игерудің басталғанына 70 жыл толады. Жер жүзінің назарын аударған тың науқаны Қазақстан тарихында маңызды рөл атқарды.
Абонементтер бөлімінде аталған мерейтойлық күнге орай «Тың. Жырға айналған жылдар» атты кітап көрмесі ашылды. Көрмеге деректі очерктер, эксклюзивті күнделіктер мен хаттар, сол бір ауқымды науқанның куәсі болып табылатын көркем безендірілген альбомдар мен фотосуреттер қойылған. Бұл жерден Д. Кунаев «О моем времени: Воспоминания», С. Маликова «Тың эпопеясы тарих таразысында», О. Дронов «Великая степь» басылымдарын да көруге болады. «Думы о целине» кітабының авторы Ф. Моргун тыңның жетістіктері мен қиындықтары туралы әңгімелейді. «Память о целине» кітап-альбомы өздерінің жанқиярлық еңбегімен жақында ғана бос жатқан жерлерге өмір сыйлаған адамдар туралы баяндайды.
Көрмеде сондай-ақ белгілі жазушылар мен ақындардың осы тақырыпқа арналған көркем шығармалары да ұсынылған: С. Мәуленов «Алтын тасқын», С. Мұқанов «Тыңда тұнған байлық», М. Шолохов «Поднятая целина», И. Шухов «Покорители целины», Г. Черноголовина «Я к вам вернусь».
Аңызға айналған кезеңнің рухын тарихқа халықтың ұлы ерлігі, «тыңның мол астығы» үшін шайқас ретінде енген тың науқанының жетістіктерін бейнелеген фотохроникадан алынған суреттер керемет жеткізеді.
Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегі мен 20 қарашасы аралығында жұмыс істейтін көрмеге қатысуға шақырамыз.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus