«Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімі Қазақ әдебиеті онкүндігі аясында ақын, Қазақстанның халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына арналған «Туған жердің топырағы – тұмарым» әдеби қонақжайын өткізді.
Шараға ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Абылай Мауданов қатысып, ақынмен кездескені туралы естеліктерімен бөлісті және оның шығармаларына тоқталды.
Іс-шара барысында ақынның орыс және қазақ тілдеріндегі өлеңдері оқылды. Оқырмандар қазақ әдебиеті поэзиясының таңғажайып әлеміне еніп, талантты және ерекше тұлғамен танысуға мүмкіндік алды.
Іс-шараға «Туған жердің топырағы – тұмарым» атты бейімделген кітап көрмесі ұйымдастырылды.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану