10 қыркүйекте Өлкетану әдебиеттері бөлімінің қызметкерлері «Үміт-Надежда»қоғамдық бірлестігінің, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған мүгедек азаматтарды қолдаумен айналысатын «Ten Qogam»мүгедектігі бар адамдарға арналған әлеуметтік қолдау орталығының мүшелері үшін экскурсия өткізді. Қостанайға Алтынсарин ауданынан келген олар облыстың ірі кітапханасымен, оның ақпараттық ресурстарымен танысу мүмкіндігін пайдаланып қалу туралы шешім қабылдады.