Қазақәдебиеті онкүндігі аясында жазушы және аудармашы, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақ КСР халық жазушысы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтың100 жылдығына арналған «Теңіздейтолқыған қаламгер» атты әдеби кешөтті.
Іс-шараға оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты. Қонақтар өз сөздерінде Нұрпейісовтыңшығармалары мен олардың кейіпкерлерін мысалға келтіре отырып шығармашылығында бойындағы барлық жақсылықтары мен кемшіліктерін аша отырып адамға ерекше орын беретін жазушы талантының ауқымын тағы да көрсетіп берді. «Қан мен тер» және «Курляндия» романдарының тақырыбына егжей-тегжейлі тоқталып, олардың кейіпкерлерінің адамгершілік құндылықтары, адамның табиғатқа араласуынан туындаған экологиялық мәселелер сөз болды. Колледж студенттері талқылауға белсенді қатыса отырып осы шығармалардан үзінділер оқыды.
Іс-шараға қатысушылардың барлығы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің шығармалары болашақ ұрпақ үшін рухани мұраға айналады және осы көрнекті автордың кітаптарына деген оқырмандардың қызығушылығы ешқашан төмендемейді деген пікірге келді.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану