2024 жылдың 2–6 қыркүйегі аралығында
«А. П. Чехов атындағы Краснодар өлкелік зағиптарға арналған арнайы кітапханасы»
МБММ күндізгі-сырттай нысанда «Современная специальная библиотека для слепых:
актуальные проблемы, успешные практики, перспективы развития» атты ашық
ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Оған Ресейдің зағиптарға арналған арнайы кітапханаларының, мемлекеттік
және муниципалды
кітапханалардың басшылары мен
мамандары, Қырғыз зағиптар
мен саңыраулар
қоғамының республикалық мамандандырылған кітапханасы (Қырғыз
Республикасы, Бішкек қ.),
«Зағиптар мен нашар
көретін азаматтарға арналған республикалық
кітапхана» РММ (Қазақстан
Республикасы, Алматы қ.),
«Л. Н.
Толстой атындағы Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы»
КММ (Қазақстан
Республикасы, Қостанай қ.)
қатысты.
Конференцияға қатысушыларды Краснодар өлкесінің
мәдениет министрі Лапина
Виктория Юрьевна құттықтап,
сөз сөйледі.
Содан кейін кітапханалар арасындағы Ынтымақтастық
туралы меморандумға қол қойылды. Қостанай
облысы әкімдігі мәдениет басқармасының
«Л. Н.
Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап
ғылыми кітапханасы» КММ атынан
меморандумға кітапхана басшысы
Безаубекова Сания Серікқызы
қол қойды.
Конференция жұмысы барысында түрлі
тақырыптар қарастырылып, арнайы кітапханалардың
жұмысындағы инклюзивті бағыттағы
тәжірибелерімен, көру қабілеті нашар мүгедектерді әлеуметтік-мәдени оңалту
жолдарымен, шығармашылық ізденістермен және жұмыстың дәстүрден тыс тәсілдерімен бөлісті, арнайы
кітапхананың әлеуметтік және
мәдени функцияларын іске асыруда серіктестіктің маңызды екенін талқылады.
Конференция барысында Көзі көрмейтін және нашар
көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің
меңгерушісі Г. Ө.
Галиуллина «Социальное партнерство как
важный ресурс развития библиотеки» тақырыбына баяндама жасады.
|