6 қыркүйекте Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері кітап оқуды қолдау және дамыту тұжырымдамасы аясында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының мектепке дейінгі тәрбие мамандығы бойынша білім алып жатқан бірінші курс студенттеріне танымдық экскурсия өткізді. Студенттерге кітапхананың оқырмандармен жұмыс істейтін барлық бөлімдері жайлы жан-жақты мәлімет берілді.
Экскурсия барысында оқушылар кітаптардың таңғажайып әлемімен танысып, ақпараттық ресурстар, оның ішінде виртуалды ресурстар, сондай-ақ пайдаланушыларға арналған қызметтер туралы егжей-тегжейлі ақпарат алды.
Әр бөлім өздерінің кітап көрмелері, жаңа әдебиеттері, сирек кітаптары, анықтамалық әдебиеттері туралы айтып беріп, өз жұмыстарын көрсетті. Студенттер кітапхананың облыстың басты ақпараттық-мәдени орталығы ретіндегі мүмкіндіктері туралы түсінік алды.Мекеменің сырға толы ахуалы мен көп жылдық тарихынан үлкен әсер алған жас жігіттер үйлеріне таңданыспен тарасты.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану