2024 жылдың 5 қыркүйегінде Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК Қазақ әдебиеті онкүндігі аясында «Шабыттың мініп тұлпарын» тақырыбымен жыл сайынғы дәстүрге айналған микрофон алдындағы Байтұрсынұлы оқуларын өткізді. Биыл ұлы ғалым, ағартушы, қоғам қайраткері, әдебиеттанушы, түркітанушы, дарынды ақын және аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 152 жыл толады. Ахмет Байтұрсынұлының таланты мен қайғылы тағдыры біздің әрқайсымыздың зор таңданысымыз бен өкінішімізді тудырады.
Іс-шарада сөз алған өлкетанушы, ахметтанушы Ибраһим Ағитаев әр қазақстандық мақтан тұтатын жерлесіміздің ұлы мұрасын зерделеу қажеттігін тағы да еске салды.
Әдеби шығармалардың оқылуы, домбыраның сүйемелдеуімен орындалған музыкалық нөмірлер қазақ халқының ұлы перзентіне деген ерекше құрметті білдіріп, оның еңбегі ұрпақ жадында екенін көрсетті.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану