Бүгін Л. Н.
Толстой атындағы Қостанай
облыстық әмбебап ғылыми
кітапханасында Қазақ әдебиеті
онкүндігінің салтанатты ашылуы
өтті.
Ашылу салтанатында «Қостанай облысы әкімдігінің
мәдениет басқармасы» ММбасшысының орынбасары Мэлс
Бейбітұлы Әбдірахманов және Қазақстан
Жазушылар одағы Қостанай
филиалының төрағасы Жанұзақ
Аязбеков сөз сөйлеп,
онкүндік аясында жоспарланған
барлық іс-шаралардың сәтті өтуіне
тілек білдірді.
Іс-шара барысында «Мәдени мұра»
мемлекеттік бағдарламасының 20 жылдығына
арналған «Мәдени мұра –
халық игілігі»
атты кітап көрмесіне шолу
жасалды. Іс-шара спикерлері ретінде қатысқан жазушы, Қазақстан
Жазушылар одағының мүшесі,
драматург Мауданов Абылай
Фазылханұлы және ЧелМУ
Қостанай филиалының әлеуметтік-гуманитарлық
және жаратылыстану
пәндері кафедрасының профессоры Александр
Валерьянович Видершпан мемлекеттік бағдарламаның құрылу тарихын,
оның негізгі
кезеңдері мен бағыттарын
атап өтіп, тарихи-мәдени мұраны сақтау
мен ғылыми
жүйелеуге егжей-тегжейлі тоқталды,
сондай-ақ бүгінгі күні көп ғасырлық ұлттық тарихты
қайта қарауға және Ұлы
дала мәдени
мұрасының бүкіл әлем
үшін маңызды екенін көрсетуге ерекше
назар аударылып отырғанын жеткізді.
Іс-шараны Ахмет
Бірімжанов атындағы мектептің
10 «Б»
сынып оқушысы Серікқызы Қарақаттың
Абай өлеңін
оқуы, сондай-ақ
А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ
Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық
институтының өнер кафедрасының
студенттері Сәукенова Айшолпанның, Жаңбыршы Томиристің және
Темірбеков Олжастың шеберлікпен орындаған күйлері
толықтырды.
#гидқазақстанға
#гидпоказахстану
|