4 қыркүйекте Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК «Мен оқимын, отбасым да оқиды» атты оқитын отбасының бенефисі өтті.
Іс-шара дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасында қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтілетін Отбасы күніне орайластырылды. Кітапхана отбасылық кітап оқу, келер ұрпақты кітап оқу арқылы тәрбиелеу, үй кітапханаларын қалыптастыру және мұраға қалдыру дәстүрлеріне жүйелі түрде қолдау көрсетіп және нығайтып келеді.
Іс-шараға Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің информатика пәнінің оқытушысы Төлепова Данара Жылгелдіқызы және №15 ОМ 5-ші сынып оқушысы Молдабек Санжар қатысты. Кешке жиналған қарасы қалың қауымның басым бөлігі жастар болды. Бірнеше ұрпақ бойы кітапқа және көркем әдебиетке деген сүйіспеншілікті сақтап келе жатқан отбасын бетпе-бет көрсету қатысушыларға үлкен әсер қалдырды. Олар қонақтарға өздерінің тұлға ретінде қалыптасуына қай авторлардың көбірек әсер еткені, кітап оқудың педагогикалық және психологиялық аспектілері, заманауи ақпараттық технологияларға деген көзқарасы және т. б. туралы сұрақтар қойды.
Бұл іс-шараның отбасылық кітап оқу дәстүрін жандандыруға және ілгерілетуге ықпал етері сөзсіз.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану