2 қыркүйекте Абонементтер бөлімі Қазақстан халқыныңтілдері күніне арналған «Тіл – баршаны біріктірер күш»көрме-таныстырылымын дайындады.
Көрмеде қазіргі этнотілдік үдерістерге арналған ғылыми басылымдар қойылған: Ш. Құрманбайұлы «Мемлекеттік тіл – ұлттық бірегейліктің негізі», Э. Д. Сулейменова «Языки народов Казахстана. Социолингвистический справочник».
Отандық лингвистика әуесқойларына қазақ тілін ана тіліндей биік деңгейге көтере білген Ш.Айтматовтың,Г. Бельгердің кітаптарын ұсынамыз. Сондай-ақ көрмеде түрлі халықтардың тілдері мен дәстүрлері туралы білімдерін кеңейтуге көмектесетін,Қазақстан халқының тілдерін үйренуге көмегі тиетін анықтамалықтар меноқу әдебиеттері ұсынылған.
Барлығыңызды көрмені тамашалауға шақырамыз.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану