Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Отбасы. Қазіргі көзқарас»
02.09.2024

Кітапхана пайдаланушыларының назарына Қазақстандағы Отбасы күніне арналған «Отбасы.Қазіргі көзқарас» атты көрме-толғаныс ұсынылды. Оның негізгі мақсаты азаматтарды мәдени құндылықтарды сақтауға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, сондай-ақ отбасы институты арқылы әлеуметтік сипаттағы мәселелерге тарту болып табылады.

Көрмеде қазақ мәдениеті мен дәстүрлерінің тарихы, құқықтары мен қағидаттары, қазіргі қазақстандық қоғамдағы отбасының келешектегі дамуы бейнеленген материалдар ұсынылған. Бизақова Ф. «Отбасылық дағдарыс психологиясы», Гиппенрейтер Ю. Б. «Родителям: книга вопросов и ответов»,Ғаббасов С.  «Ұрпақ тәрбиесінің жаңа ілімі», Азаров Ю. «Семейная педагогика: Воспитание ребенка в любви, свободе и творчестве», Лав П. «Секреты счастливых семей» Гаврилова Н. А. «Любовь, семья, долг» секілді басылымдар отбасы мен отбасылық құндылықтар туралы әңгімелейді, ерлі-зайыптылардың шынайы бақытының құпияларын ашады, жақын адаммен араласа білуді,тыңдайжәне дұрыс түсіне білуді үйретеді.

Көрме айдың соңына дейін жалғасады.

#гидқазақстанға #гидпоказахстану


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ