Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Менің туған қалам»
14.08.2024
Қала қонақтары, «Kostanay-Аrt» республикалық суретшілер симпозиумының қатысушылары қостанайлық суретші Олег Кусковтың көрмесімен танысты.
Қостанай қаласының мерейтойына арналған «Менің туған қалам» көрмесі Л. Н. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың бірінші қабатында орналасқан.
Қонақтар Олег Кусковтың жұмыстарынан ескі Қостанайдың, оның көшелерінің, саябақтарының, ғимараттарының сұлулығын көруге болатындығын атап өтті. Суретшінің картиналарынан қаланың өткен өмірі көз алдыңа келгендей болады. «Қостанай. Марал Ишан атындағы мешіт», «Скверде. Қала орталығы», «Орталық саябақтың алды» секілді соңғы уақыттағы жұмыстар да көрермендердің қызығушылығын тудырды.
Кітапхана басшысы Безаубекова Сәния Серікқызы және Өнер бөлімінің меңгерушісі Ләззат Төлекова қонақтарды көрме авторының шығармашылығымен таныстырып, кітапхананың көрме алаңы туралы айтып берді. Іс-шараға келушілер «АRT-Қостанай» сериясы бойынша жарық көрген альбомдарды, сондай-ақ бөлім қорының басқа да фотоальбомдары мен суретшілер каталогтарын қызығушылықпен тамашалады.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ